БАС ДИРЕКТОРҒА СҰРАҚ
Сұрақ қою
Сұрақтар мен түсініктерді орналастыру ережелері
Құрметті «Шығысэнерготрейд» ЖШС сайтын қолданушылар!
Осы Ережелермен энергиямен жабдықтаушы компания «Шығысэнерготрейд» ЖШС басшысының ресми блогының жұмыс тәртібі анықталады.
Блог – бұл Компанияның бірінші басшысының Интернет желісін пайдаланушылармен интерактивтік тілдесу нысаны.
Сіздің сұрақтарыңызға жауап алуды жылдамдату үшін сұрақтың мәнісін анық және толық жеткізуіңізді сұраймыз. Сұрақ қояр алдында, жауапты блогтың материалдарынан іздеп көрген жөн. Мүмкін, Сіздің сұрағыңызға жауап бар және Сіз қажетті ақпаратқа оңай қол жеткізесіз.
Хаттарыңыз жарияланбайды, егер:
- талқылауға қатысушыларға, нақты тұлғаларға немесе ұйымға қатысты тіл тигізу, қорқыту болса;
- үшінші тұлғалардың келісімінсіз жеке мәліметтерін таратса;
- коммерциялық мақсатты ұстанса, спам, жарнамалық ақпарат болса;
- кез келген қолданыстағы құқық нормалары бұзылса;
- балағат сөздер мен оның туынды сөздері, сондай-ақ осы анықтамаға сәйкес келетін лексикалық бірліктерді қолдануға ишара болса (балағат лексикасы бар хабарламалар автоматты түрде жойылады).
Сіздерден жазған хаттарыңызда басқа желілік ресурстарға, құжаттарға, суреттерге, бейне файлдарына сілтеме жасамауды сұраймыз, олай болмаған жағдайда, бұл сілтемелер модератормен жойылады.
Біздің блогымызға келіп түскен хаттардың авторлары туралы ақпарат құпия болып табылады.